Семей тұрғынына бояуы көшіп жатқан жаңа автомобиль сатылды

14.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Семейдегі автосалон шанағының бояуында ақауы бар автокөлікті сатқан, деп хабарлайды Tengri Auto.

Семейдегі автосалон шанағының бояуында ақауы бар автокөлікті сатқан, деп хабарлайды Tengri Auto.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, клиент 6 миллион теңгеге жаңа көлік сатып алған, бірақ көп ұзамай көлік қанатындағы бояудың қабыршақтанып түсе бастағанын байқаған.

Осыдан кейін ол автосалон басшылығына хабарласып, анықталған ақауды жою немесе автокөлікті дәл сондай маркадағы және жинақтамадағы басқа автокөлікке ауыстыру туралы талап қойған. Алайда автосалон тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Клиент дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мақсатында Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген

Мамандар оған өз құқықтарын түсіндіріп, сотқа дейінгі талап хат дайындауға көмектесті. Шағым қаралғаннан кейін автосалон автокөліктің қанатын өз қаражаты есебінен ауыстырып берді.

Тағы оқыңыз: "Клиенттердің салонда тұрған көлігін сатқан": Таразда менеджер 334 миллион теңгені қолды қылды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью