Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек - Sputnik.️ Семей қаласы Водный кентінде 19 жастағы студент қызды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 21 қыркүйекте болған.
"Күдікті анықталып, жедел түрде ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Абай облысының полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм таныс болған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.