Семейде 4 млрд теңгенің алтын кенін ұрлаған 3 адам сотталды

27.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Семей қаласының үш тұрғынына ҚР Қылмыстық Кодексінің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және өндірістік ғимаратқа заңсыз кіріп, ұрлық жасау, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру сынды баптар бойынша айып тағылды. 

Сот материалдарына сүйенсек, айыпталушылар «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясының өндірістік нысандарына заңсыз кіріп, құрамында алтыны бар кенді ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын 4 млрд теңгеден асқан. 

– Тергеу барысында «алтын бөлме» деп аталатын жерден ұрлық жасау фактілері 2019 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келгені анықталды. Сондай-ақ айыпталушылар мен олардың туыстарының қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру мақсатында қонақүй кешендерін, коммерциялық ғимараттарды, сауда үйлерін, дәріханаларды, пәтерлер мен автокөліктерді қоса алғанда, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алғаны белгілі болды, - деп хабарлады Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотынан. 

Сот шешімімен ер адамдар 10 жылға, 6 жыл 8 айға және 5 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, осыған дейін есірткі тарату және контрабандамен айналысқан қарағандылық тұрғынның сотталғанын хабарланғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью