Семейде әкім сайлауы өтіп жатыр

12.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Семей халқы қала әкімін сайлап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өз әкімін сайлау қала тарихында тұңғыш рет болып жатқан жағдай. Қазіргі уақытта қалада 128 сайлау учаскесінда дауыс беріліп жатыр. Оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске, ол жабық, дейді қалалық әкімдік.

Комиссиялар құрамында 929 азамат бар. Ал сайлаушылар саны – 220 761 адам.

Барлық сайлау учаскелері кеңсе тауарларымен, ақпараттық стендтермен, дауыс беру жәшіктерімен және жасырын дауыс беру кабиналарымен қамтылған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью