Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Семейдегі қоғамдық көліктердің бірінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қоғамдық көлікте болған оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Автобуста кетіп бара жатқанда ер адам аяқ асты құлап қалған. Жолаушылар бірден көмек көрсетпек болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам құлаған бойда аузынан қан кеткен.
Оқыс жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.
"27 сәуірде Семей қаласында маршруттық автобуста 65 жастағы ер адам есінен танып құлаған. Жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады", - дейді Абай облысының полиция департментінде.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.