​Семейде балағат сөз қолданған стендап блогер қамауға алынды

02.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сурет: Polisia.kz

22 қараша күні кешкі сағат 21:00 шамасында Семей қаласының мейрамханаларының бірінде өткен стендап-шоу барысында жергілікті блогердің көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған стендап-блогер 5 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғамдық пікірдің қызу талқысын тудырды. 

Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты қоғамдық орында бейәдеп тіл қолданғаны үшін жауапкершілікке тартты. Сот әкімшілік істі қарау барысында оның кінәсін анықтап, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. 

Полиция көпшілік алдында өтетін іс-шаралар, соның ішінде әзіл-сықақ бағдарламалары да, қоғамдық мораль нормаларын сақтап, көрермендерге құрмет көрсету талаптарына сай жүргізілуі қажет. Қоғамдық ортада бейәдеп сөздер айту, сондай-ақ оны интернет арқылы тарату заңға қайшы келеді және құқықтық жауапкершілікке әкеледі. Осындай құқық бұзушылықтарға қатысты полиция тарапынан қажетті шаралар қабылданатын болады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер назардан тыс қалмайды.

Бүгін, 16:54

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью