Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Семейлік әйел әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, онда ұлының кір жуғыш машинаға мысықты салып жібергенін айтқан. Соның салдарынан мысық өліп қалған.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.
- Тексеру барысында аталған оқиғаның абайсыздан болғаны анықталды. Осы факті бойынша үй жануарының иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Абай облысының полиция департаментінен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Осы ретте, полицейлер жануарларға жауапкершілікпен қарау талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды.
Еске салсақ, осыған дейін учаскелік полицейлерге ит пен мысықтардың чиптелуін тексеру өкілеттігі берілетіндігі хабарланған.