Семейде бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам сотталды

07.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл оқиға биыл 17 сәуірде болған. Сотталушы үйдің ауласында мас күйінде отырғанда бұрынғы жұбайын қызғанып, ағаш битаны ала жүгірген. Әйел қашып кете алмай, ауыр соққылардан оқиға орнында қайтыс болған.

Сотта басбұзар кінәсін толығымен мойындап, адам өлтіргеніне өкінетінін жеткізді. Ал марқұмның ағасы жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды.

Судья бұрынғы жұбайын өлтірген ер адамды кінәлі танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оған қоса, жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ал Семей қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына сотталғанның кәмелетке толмаған екі балаларына әрі қарай ресми қорғаншылық және қамқоршылық орнату мәселесін шешу жүктелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью