Семейде ер адам екі учаскелік полиция қызметкерінің автокөлігін өртеп жіберді

26.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Оқиға кеше кешкі сағат 18:10 шамасында «Юность» шағынауданында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгерлердің айтуынша, құрылыс колледжінің жанындағы автотұрақта екі жеңіл көлік бірдей отқа оранған. Сол сәттің өзінде-ақ бұл кездейсоқ жағдай емес, қасақана өрт қою екені белгілі болған.

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау ауыздықталған, алайда олар қосымша тексеру және су себу жұмыстарын жүргізген. Зардап шеккендер жоқ.

Ал бүгін таңертең облыстық полиция департаменті автокөліктердің өздігінен жанбағанын ресми түрде растады.

– 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

Мас күйдегі семейлік ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Аталған бапқа сәйкес, оған 3 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, сол мөлшерде түзеу жұмыстары тағайындалуы, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өрт қойылған автокөліктер учаскелік инспекторларға тиесілі болған. Олар қызметтік емес, жеке көліктер және несиеге алынған.

Енді келтірілген шығын азаматтық тәртіпте сот арқылы өндірілмек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью