Семейде ер адамды пойыз басып, аяғынан айырылды

21.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. "Шар - Семей" темір жолында 23 жастағы жігітті пойыз басып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға 18 қазанда сағат 17:53-те болған.

"Ертістің сол жағы – Семей күзетілетін реттелетін өткелінде "Тальго" жолаушылар пойызы жылдамдықты сағатына 35 километрге дейін тежеуге мәжбүр болды. Өйткені темір жолға кенеттен адам шыққан", - дейді ведомстводағылар.

Жігіт локомотивтің дыбыстық дабылын елемеген.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол құлаққап тағып, капюшон киіп алған. Сол себепті пойыздың даусын естімеген. Жәбірленуші жарақат алып, оң аяғынан айырылды", - дейді компания.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью