Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ведомство мәліметінше, оқиға қалалық жағажайды патрульдеу кезінде анықталған.
«ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2023 жылы туған баланы ересектердің қарауынсыз жүрген жерінен тапты», делінген хабарламада.
Құтқарушылар бірден баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын іздестіру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай олар табылып, сәби өз ата-анасына тапсырылды.
Суға түсу мен демалыста абай болыңыз: ТЖМ маңызды ескерту жариялады
ТЖМ мәліметінше, балаға медициналық көмек қажет болмаған.
Осыған байланысты министрлік ата-аналарды демалыс кезінде балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырды.
«Баланы үнемі көз алдыңызда ұстаңыз және оның демалыс орнынан өз бетінше кетуіне жол бермеңіз. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі», деп ескертті ТЖМ.