Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Семей тұрғынына 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әйел Instagram әлеуметтік желісінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Семей тұрғынына 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әйел Instagram әлеуметтік желісінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
3 наурызда Семейдегі Balapark балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққан еді. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда қала тұрғыны Instagram-парақшаларының бірінде өрттен 18 адам қаза тапты деген ақпарат жариялаған.
Жұрт тараған жалған ақпаратқа сеніп, алаңдаған. Мұның салдары қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін еді. Әйелдің жеке басы жедел анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"Сот отырысы барысында 2qtk кінәсін мойындады. Сот қаулысымен жалған ақпарат жариялап, таратқаны үшін оған 86 500 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деп мәлімдеді қадағалау органы өкілдері.
Прокуратура өкілдері жалған ақпарат таратуға, әсіресе төтенше жағдайлар кезінде жол берілмейтінін және бұл үшін заңмен белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Мән-жай3 наурыз күні кешке Семейдегі Balapark балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ғимарат өртеніп жатқан.
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке алты адам жүгінген: үш ересек адам және үш бала. Екі ересек пен бір бала оқиға орнынан өз бетінше кетіп, қалалық медициналық мекемелерге жүгінбеген. Бір науқыс иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды. Екі бала өз көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Тағы оқыңыз: Семейдегі балалар ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін не қалды