Семейде жаңа саябақ ашылады. Live

25.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Республика күніне арналған іс-шаралар ел шығысында да өтіп жатыр. Бүгін Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылады.

Салтанатты шараға Абай облысының басшылығы, қоғам белсенділері мен шаһар тұрғындары жиналып жатыр. 

Біз қазір Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа саябақтың салтанатты ашылуындамыз. Қазір мен тұрған жер, 5 гектар аумақ жылдар бойы бос жатқан еді. Бірнеше айдың ішінде осындай керемет саябақ салынып бітті. Мұнда демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда түрлі шаралар өткізу үшін сахна мен демалыс алаңқайлары бар. Әсіресе көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Саябақта мыңға жуық қарағай мен шырша көшеттері егілген. Бүгін осы алаңда мерейлі мереке Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Иә, жаңа саябақ 5 гектар жерді алып жатыр. Соның 26 мың шаршы метрі көгалдандырылып, 6 мың шаршы метр жерге асфальт төселген. Енді Алдағы уақытта бұл саябақ қала тұрғындарының серуендеп, демалуы және мәдени шараларға қатысуы үшін таптырмас орын болары сөзсіз. Қазір қала халқы осында келіп, бір-бірін құттықтап жатыр. Ал мерекелік шара бірер минуттан соң басталады. Қалалық мәдениет сарайының әншілері патриоттық әндерді шырқап, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлап жатыр. Баршамызға Республика күні құтты болсын! 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью