Семейде жаңа жылға дайындық қызу. Live

31.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Семей қаласында жаңажылдық мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Қала көшелері мен алаңдары мерекелік шамдармен көмкеріліп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда. 

Мұнда мерекелік көңіл-күй біртіндеп сезіліп жатыр. Қала тұрғындары жаңа жылға қызу дайындық үстінде. Биыл Семейдің орталық көшелері мен саябақтарда 20 мерекелік ертегілер кейіпкерлерінің мүсіні орнатылған. Жүзден астам ағаш жарық шамдарымен безендірілді. Ал Арбаттан Абай көшесіне дейінгі аралықта мерекелік арка орнатылған. Биыл Семей қаласы ерекше кейіпке енді. Мерекелік безендіруге бюджеттен 49 млн теңге бөлінген.

Сағат 19:00-ден асса да орталық алаңға жиналып жатқан халықтың қарасы қалың. Барлығы да көтеріңкі көңіл-күйде. Сағат 21:00-де қала тұрғындары үшін арнайы мерекелік концерт жоспарланған. Содан кейін керемет отшашу ұйымдастырылады. Иә,жаңа жылға санаулы сағаттар ғана қалды. Өңір тұрғындары шырша безендіріп, дәмді тағамдарын әзірлеп мерекені отбасымен қарсы алуға асық. Бірақ жаңа жылды жұмыста өткізетіндер де бар. Қала тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бірқатар сала мамандары бұл түнді де қызметте өткізеді. Олар дәрігерлер, полицейлер, құтқарушылар, коммуналдық қызмет пен мәдениет саласының қызметкерлері. Ендеше кезекшілікте қиындықтар болмасын дейміз. 2026 жылдың сәтті күндері көп болсын!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью