Семейде жүргізуші куәлігіне қатысты алаяқтық фактісі анықталды

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Былтыр желтоқсан айында Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, сан соғып қалған. Ол алданғанын алға тартып, полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бұрыннан жақын таныс емес ер адам жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген желеумен 785 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

— Ақшаны алғаннан кейін уәде етілген қызмет көрсетілмеген. Жедел-іздестіру шарасы барысында қылмысқа күдікті ретінде Бородулиха ауданының 23 жастағы тұрғыны анықталып, полиция басқармасына жеткізілді, — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, іс материалдары тергеу органына жолданды.

Полиция кез келген құжатты заңды рәсімдерді айналып өтіп, «жеделдетіп» алуға қатысты ұсыныстардың заңсыз екенін және мұндай әрекеттер қаржылық шығынға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Бұған дейін Шымкент қаласында бір азамат жүргізуші куәліктерін заңсыз сату арқылы байып кеткені туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұғанг дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш өңірде жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі жемқорлық схемасын әшкерелеген болатын. Жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталған еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью