Семейдегі әкім сайлауы: тұрғындар учаскелерге белсенді келіп жатыр

12.10.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алғашқы болып келген сайлаушыларға кішігірім сыйлықтар дайындалған. Учаскелерде ән-күй шырқалып, мерекелік көңіл-күй қалыптасқан.

Фото: Семей әкімдігі

Өз сайлау учаскесін Telegram желісіндегі @vote_abai_bot ботынан білуге болады. Бұл қызметті жүздеген семейлік пайдаланып үлгерген.

Фото: Семей әкімдігі

— Бүгін — Семей үшін ерекше күн. Біз қаланың болашағын сеніп тапсыратын басшыны сайлап жатырмыз. Таңертеңнен бастап халықтың белсенділігі қуантады, — деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев. 

Ол № 84 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді.

Сайлауға алғаш рет қатысып отырған жас сайлаушы Бекжан Қорабаев жуырда ғана 18 жасқа толған. Ол бұл сайлауды маңызды азаматтық қадам деп есептейтінін айтты.

Фото: Семей әкімдігі

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Семейдегі дауыс беру үдерісі тыныш өтіп жатыр, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

Еске салайық, Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью