Семейдегі ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр. 

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды. 

Еске салсақ, бұған дейін Щучьедегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмғанын жазғанбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью