Семейдің жаңа әкімі белгілі болды

14.10.2025

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, "Барлығына қарсымын" жолында белгісі бар – 4310.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекжасаров А.Қ. – 9763; Қожанбаев Ә.Н. – 89441; Төлеуов Қ.М. – 12 557.

"Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды, 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью