Семейлік полицейлер 8 наурызға орай ерекше флешмоб ұйымдастырды

08.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Қаланың орталық алаңында полиция қызметкерлері қызметтік автокөліктерден Халықаралық әйелдер күніне арналған «8» санын бейнелеп, ерекше композиция жасады. Бұл акция барлық әйелге деген құрмет пен алғыс белгісі болды, — делінген ПД таратқан ақпаратта.

Мерекелік шара барысында полиция қызметкерлері қала тұрғындарына гүл шоқтарын тарту етіп, көшеде кездескен нәзік жандыларды құттықтады. Тәртіп сақшылары әртүрлі жастағы әйелдерді — кішкентай қыздардан бастап, аяулы аналар мен әжелерге дейін құттықтап шықты.

Шынайы күлкі, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күй мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Мұндай ерекше флешмоб әйелдерге деген құрмет пен алғыстың тағы бір жарқын белгісіне айналды.

Абай облысының полицейлері барша нәзік жандыларға зор денсаулық, бақыт, амандық және көктемгі шуақты көңіл-күй тілейді.

Осыған дейін Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью