Семейлік студенттер журналист, этнограф Нәзипа Құлжанованың ізін жалғап жүр

30.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Нәзипа Құлжанованың киім үлгісіндей форма киген арулар Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына онлайн байланысқа шығып, сұхбат берді.

– Колледжіміздің директорының бастауымен осы форма тігілді. Әлеуметтік желіде де көп пікір мен лүпіл жинап жатырмыз. Көп жердегі формалар бірдей классикалық үлгіде тігіледі. Тек біздің оқу орнымыздағы, біздің бөлімімізде ғана осындай әдемі Нәзипа Құлжанованың образына ұқсас форма бар. Сол үшін де көптің назарына ілігіп жатырмыз, – дейді студенттер.

Ал колледж педагогтері колледжде формаға ешқандай шектеу жоқ екенін айтады. Форманы кию білімгерлердің өз таңдауы екен.

– Бізде формаға қатысты шектеу жоқ. Тек іс-шараларда, маңызды жиындарда киіп шығамыз. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімінің 100 студент қызы түгелдей осы форманы киеді, – дейді педагог-ұйымдастырушы Іңкәр Сәулетбекова.

Айта кетейік, Нәзипа Құлжанова – қазақтан шыққан тұңғыш журналист әйел. Ол сондай-ақ педагог, аудармашы, этнограф және ағартушы болып еңбек еткен. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының негізін қалаушылардың бірі.

Еске сала кетейік, Финляндия Президенті астаналық студенттерге қазіргі халықаралық жүйенің өзгерісі, күштердің тепе-теңдігі және жаһандық тұрақсыздық кезеңіндегі шағын мемлекеттердің рөлі жөнінде дәріс оқыды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью