Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Құрбанов күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз финалда Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.
Русланның әлем кубогындағы жеңісті жолы:
1/32 финал. Дмитрий Швелидзе - 15:8
1/16 финал. Филипе Фразао - 15:11
1/8 финал. Мигель Фразао - 15:10
1/4 финал. Коки Кано (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 9:8
1/2 финал. Давид Надь - 15:13
Айта кетейік, ертең командалық сайыстар өтеді.
Бұған дейін Руслан Құрбановтың Астанадағы семсерлесуден әлем кубогының финалында бақ сынайтынын жазғанбыз.