Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Сенат "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Өзбекстан Республикасы үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекара режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Андрей Лукин заң жобасын таныстыра отырып, келісімге 2024 жылдың 8 тамызында Астанада қол қойылғанын еске салды.
"Келісім 2001 жылдың 16 қарашасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара туралы шарттың ережелерін іске асыру үшін, сондай-ақ қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі аяқталғаннан және 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы тиісті демаркациялау шартына қол қойылғаннан кейін әзірленді", - деді ол.
Құжат екі мемлекет арасындағы мемлекеттік шекара бойындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірыңғай негізін құрайды.
Сонымен қатар ол:
шекара мен шекара маңындағы белгілерді күтіп ұстау;
адамдардың, көлік құралдарының, жүктердің және басқа да мүліктің өтуі, ұшуларды орындау және шекара аймағында шаруашылық және басқа да жұмыстарды жүргізу рәсімдерін;
шекарадағы оқиғалардың алдын алу және шешу тетіктерін анықтайды.