Сенат шілдеде таратылғаннан кейін депутаттар қандай қызметке барады

19.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Ауқымды Конституциялық өзгерістер нәтижесінде, бір палаталы Парламент құрылмақ. Өткен 30 жылда қос палаталы Парламент өзінің миссиясын орындады. Егер халқымыз жаңа Конституция жобасын (жалпыхалықтық референдум) қолдаса, онда бір палаталы Парламент қалыптасады. 1 шілдеден жаңа Конституция күшіне енсе, Сенат таратылады, - деді М. Әшімбаев палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол палата тарағаннан кейін сенаторлар ары қарай елдің мүддесіне қызмет ете беретінін айтты.

- Қазір Сенаттағы депутаттардың тәжірибесі мол. Орталықта және өңірлерде біраз лауазымды қызметте болған. Сондықтан әріптестеріміз ары қарай еліміздің дамуына өз үлесін қосатын болады, - деді Сенат төрағасы.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда, Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылған.

Нақтырақ айтқанда, республикалық басылымдарды жарияланған жаңа Конституция жобасының 95-бабында 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтататыны жазылған. Ал Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялайды және ол екі ай ішінде өткізіледі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью