Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
- Төтенше жағдайларда тиісті қызметтердің өз міндеттерін кедергісіз атқаруын қамтамасыз ететін тетіктер қажет. Әлбетте, бұл тұрғыда белгілі бір ерекше жағдайлар, бөтеннің мүлкіне қатысты мәселе бар. Бірақ адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты болса, олардың функцияларын кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін тетіктер болуы керек, - деді М. Әшімбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда Сенат төрағасы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді қарастыратын нормаларды тыңғылықты пысықтау қажет екенін айтты.
Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр екенін жазғанбыз.
12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға кезінде пәтер ішінде бір отбасы болған. Өрт салдарынан үш бала мерт болып, олардың анасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Осы өрт кезінде жол жүрісі қағидаларын бұза отырып тұраққа қойылған автокөлік жедел түрде оқиға орнынан алынып тасталды.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, көлік жүргізушісі анықталып, оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.