Сенат төрағасы Жетісу фермерлерімен жаңа Конституцияны талқылады

03.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елімізді орнықты дамыту, демократиялық қағидаттарды нығайту және саяси жүйені кешенді жаңартуда конституциялық реформаның тарихи әрі стратегиялық маңызы зор. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді ауқымды әрі жүйелі жаңғырту бағдарын іске асыру жолындағы тарихи кезең. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерді азаматтардың таңдауына сүйене отырып қабылдау демократия қағидаттарына адалдықтың айқын көрінісі екені анық. Конституциялық реформаның басым міндеті – Тәуелсіздікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, елдің орнықты дамуына басымдық берілген», деді Мәулен Әшімбаев.

Ол сондай-ақ дамудың негізгі бағдары – адам капиталын жетілдіру, мемлекеттілікті, Тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, сондай-ақ, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау Конституция жобасында нақты белгіленгенін тілге тиек етті.

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы

«Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі оның адамға бағдарлануы екенін айрықша атап өткен жөн. Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне назар аудару мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып отыр. Ата заң жобасында адам құқықтары декларативті ереже емес, маңызды қағидаттар және нақты міндеттер ретінде қарастырылған. Бұл – сапалы білімге қолжетімділік, тиімді денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қорғау және әр азаматтың өз әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беру секілді бағыттарды қамтиды. Осы қағидаттарды жүзеге асыру барлық институттардың – Құрылтайдың, Үкіметтің, әкімдіктер мен мәслихаттардың, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Мұндай қадамдар – ел игілігі жолындағы ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі екені анық», деді Палата Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев сондай-ақ өңірдегі кәсіпорын жұмысшыларымен және шаруалармен кездесті. «Хильниченко және К» шаруа қожалығындағы талқылаудың күн тәртібінде – инклюзия, этносаралық келісім және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі өзекті мәселелер қамтылды.

Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Парламент депутаттары «Асар» спорттық-оңалту кешенінің инфрақұрылымымен және «ASMA Industrial ltd» өнеркәсіп аккумуляторларын шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:50

Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды

Әлем • Бүгін, 16:22

Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Қоғам • Бүгін, 16:17

Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан

Қоғам • Бүгін, 16:05

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Экономика • Бүгін, 15:52

Қаржылық тұрақтылыққа бастар қарапайым қағида қандай?

Экономика • Бүгін, 15:49

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

Спорт • Бүгін, 15:40

Астанада көп қабатты үйден өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 15:38

Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 15:31

Apple iPhone 17e смартфонын таныстырды

Digital • Бүгін, 15:20

Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?

Экономика • Бүгін, 15:15

Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты

Елорда • Бүгін, 15:05

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 14:55

Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

Қазақстан • Бүгін, 14:40

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью