Сенатор аграрлық секторды қаржыландыруға қатысты ұсыныс айтты

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

- Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігі - мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Аграрлық секторды қолдауда бірқатар жүйелі шаралар қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен, қаржыландыру жүйесінде шешуді қажет ететін мәселелер әлі де бар, - деді сенатор Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар салаға айтарлықтай көлемде қаржы бөлуге мүмкіндік берген, алайда бірнеше кедергілер әлі де АӨК-тің дамуын тежеп отыр. Атап айтқанда, бұл процестердің цифрландырылу деңгейінің төмендігіне, өтінімдерді қарау мерзімінің ұзақтығына, кепіл мүлкін төмен бағалауға, сондай-ақ мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігіне қатысты.

Сонымен қатар сенатор субсидиялардың уақытылы төленбеуі фермерлерге қосымша қаржылық жүктеме түсіретінін, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын кредиттеу мерзімдерінің шектеулілігі мен ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу мерзімін ұзартудағы қиындықтарды атап өтті.

Осыған байланысты Сәкен Арубаев қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды ұсынады. Оның ішінде несиелеу процестерін толық цифрландыру, қарыз алушыларды бағалаудың скорингтік модельдерін енгізу, нарықтық бағаларды ескере отырып қаржыландыру лимиттерін қайта қарау және субсидиялардың уақытылы төленуін қамтамасыз ету бар.

Бұдан бөлек, сауалда қайта өңдеу кәсіпорындары үшін айналым қаражатына несие беру мерзімін ұзарту, жерді жалға алу мерзімін ұзарту рәсімдерін жеңілдету ұсынылған.

Айта кетейік, биыл ақпан айында АШМ фермерлерге тікелей субсидия беру тетіктерін түсіндірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью