Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
– Көлік-логистика саласында назардан тыс қалатын маңызды бағыт – еліміздегі жалғыз Алматы метрополитені. Бүгінде ол 11 бекетті қамтиды. Болашақта желіні одан әрі дамыту жоспарда бар. Қалқаман бекетінің құрылысын аяқтау, «Барлық» базарына қарай ұзарту көзделген, – деді ол.
Метроны жыл сайын 26 миллионнан астам жолаушы, тәулігіне 120 мыңнан аса адам пайдаланады. Бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келе жатыр.
– Бұл желі іс жүзінде көшеге түсетін жүктемені азайтып, тұрақты қалалық мобильдікті қамтамасыз ететін, экологиялық жағдайға оң әсер беретін базалық көлік түріне айналды, – деді сенатор.
Оның сөзінше, осындай маңызды транспортта кейде техникалық ақау білінеді. Мәселен, өткен аптада жылжымалы құрамның түтіндеу фактісі тіркелген.
– Аталмыш жағдайдың дер кезінде тұрақтандырылғанына қарамастан, бұл салада әртүрлі тәуекелдер бар және ол мемлекеттік деңгейде тиісті шаралар қабылдауды талап етеді, – деді депутат.
Ғалиасқар Сарыбаев мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынды.
– Алматы метрополитенінің жылжымалы құрамын жаңартуға байланысты қауіпсіздік, технологиялық үйлесімділік және жүйенің тұрақты жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдердің алдын-алу мақсатында кешенді бағалау жүргізуге, орын алған жылжымалы құрамның техникалық ақауының жай-күйін жан-жақты зерделеуге; әртүрлі өндірушілерден техникалар мен технологияларды сатып алу кезінде қолданыстағы және жеткізілетін тауарлардың сәйкестігі мен сапасын қатаң қарауға; жолаушылар ағынының өсуі және желі жолдарының кеңеюі жағдайында метрополитеннің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар әзірлеуге тапсырма беруіңізді сұраймыз, – деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы метросының бекеттерінде платформалық есіктерді орнатуға 7 млрд теңге жұмсалатынын жазғанбыз.