Сенатор елде жобалық сметалық құжаттама құнын негізсіз өсіру себебін атады

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл мәселе жобалық-сметалық құжаттамаға қатысты. Нақты шығындар дәл осы құжаттарда қалыптасады. Алайда күмән туындаған жағдайда, олардың негізділігін қолданыстағы заңнама аясында тексеру іс жүзінде мүмкін болмай отыр.

— Жоба құнының негізсіз өсірілгені анық байқалады, бірақ оны заңда белгіленген тәртіппен дәлелдеу мүмкін емес. Жүйеде сараптамалық қорытындыларды қайта тексере алатын тәуелсіз орган жоқ. Мемлекеттік сараптама нормаларға сәйкестігін ғана тексереді, алайда құнының негізсіз өсірілуін анықтамайды. Жеке сараптамалық ұйымдардың жауапкершілігі жеткіліксіз. Ал сот сараптамасы жобалық құжаттаманың өзін және оған берілген қорытындылардың заңдылығына жеке талдауды қарастырмайды, — деді сенатор.

Соның салдарынан, заң бұзу белгілері айқын болған жағдайдың өзінде, олар құқықтық тұрғыдан бағаланбай қалуы мүмкін. Мәселен, бір жағдайда жобаның құны түзетуден кейін 700 миллион теңгеден астам сомаға артқан, алайда оны ресми түрде заң бұзу дерегі деп тану мүмкін болмаған. Себебі қолданыстағы заңнамада мұндай жағдайларды бағалауға арналған нақты тетік жоқ.

Осыған байланысты сенатор сараптамалық қорытындыларды және шығындардың негізділігін тексеруге мүмкіндік беретін сот сараптамасының жаңа түрін енгізуді ұсынды. Бұл өз кезегінде мұндай жағдайларға толыққанды құқықтық баға беруге жол ашпақ.

Айта кетейік, 2025 жылы автомобиль жолдарының өмірлік циклінің барлық кезеңін қамтыған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді сыртқы талдау жүргізілді. Ел өңірлерінде жүргізілген іс-шаралар барысында 11 млрд теңге көлемінде сметалық құнның негізсіз ұлғайтылуы анықталды

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью