Сенатта парламенттік тыңдау өтеді

31.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл бастама экономиканың барлық саласына жаңа технологияларды енгізуге және цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар осы аптада мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен сенаторлардың Ақтөбе және Жетісу облыстарының тұрғындарымен көшпелі кездесулері өтеді. Күн тәртібінде – жаңа Салық кодексі аясындағы салық саясаты мен әкімшілендіру мәселелері, сондай-ақ «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы базасындағы арнайы экономикалық аймақтардың қызметі.

Сонымен бірге 2 сәуір, бейсенбі күні өтетін палатаның алдағы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңын, сондай-ақ оған ілеспе – «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңдарды қарайды. Құжаттардың негізгі мақсаты – уағдаласушы мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізуде, қылмыстық қудалауда және сот ісін жүргізуде өзара құқықтық көмек көрсету.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью