Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Атырау облысында "ҚазТрансОйл" компаниясының жұмысшысы сенбілік кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға Құлсары қаласында болған. Әлеуметтік желідегі ақпаратта ер адамды жүк көлігі қағып кеткені айтылған.
Оқиғаны "ҚазТрансОйл" компаниясы қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдай департаменті растады.
"Жұмысшылардың қауіпсіздігі "ҚазТрансОйл" компаниясының басты назарында. Біз қайғылы оқиға болғанын растаймыз. Компания қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді", - дейді департамент директоры Асқар Қабылов.
Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ болған оқиғаның себептерін мұқият тексеру үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр.