Сенім деңгейі мен серіктестік тепе теңдігі

01.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: dalanews.kz

Аталған рейтингті АҚШ-тың «CEOWORLD magazine» бизнес журналы жыл сайын жариялайды. Биыл 197 елді қамтыған зерттеу 10 сала мен 50 индикаторға негізделген. Авторлар мемлекет­тік бас­қару сапасын, сыбайлас жем­қорлық деңгейін, иннова­ция, өмір сүру сапасын, экономикалық тұрақтылықты, мәдени ықпалды, адами капитал мен елдің жалпы халықаралық беделін бағалайды.

«CEOWORLD Global Nations Reputation Index 2026» зерттеуіне сәйкес, Қазақстан – Орталық Азияда көшбасшы. Биылғы индексте 66,62 ұпаймен 69-орынды иеленді. Мәселен, Түрікменстан – 84 (61,88 ұпай), Өзбекстан – 134 (37,7 ұпай), Қырғызстан – 145 (34,87 ұпай), Тәжікстан – 160-орында (27,92 ұпай) тұр. Бұрынғы кеңес одағы елдерінің ішінде Эстония ең жоғары 29-орын алды. Одан кейін Литва мен Латвия тұр. Ал Ресей – 66, Беларусь – 89, Армения – 93, Молдова 95-орындарға жайғасты.

Еліміз Сауд Арабиясы, Мекси­ка мен Малайзия секілді мем­л­екеттерді де артта қалдырды. Зерт­­теу авторларының пікірінше, Қазақ­стан – көрнекті және салыс­тыр­малы түрде тұрақты мемлекет. Оның халықаралық беделі көпвек­тор­лы дипломатиямен, келіссөз­дер алаңы ретіндегі рөлімен, мемлекеттік қызметтер­ді цифр­ландырудың салыстыр­малы түрде жоғары деңгейімен артып отыр.

Бұл рейтингте 97,83 балмен Сингапур көш бастап тұр. Алғашқы ондыққа Швейцария, Ирландия, Нидерланд, Германия, Норвегия, Дания, Люксембург, Швеция және Лихтенштейн енді. Ең қызығы, бұл тізімде ірі әлемдік державалар жоқтың қасы. Мысалы, Қытай 64,78 ұпаймен 76-орынды иеленсе, ал АҚШ 85,14 ұпаймен 34-орынды місе тұтып, жетекші еуропалық елдерден айтарлықтай төмен тұр.

Рейтингтің ең төменгі жағын­да қарулы қақтығыстар жайла­ған, халықаралық оқшаулан­ған, бірнеше жылдан бері тұрақ­сыздықты бастан кешіріп жат­қан елдер тұр. Олар – Йемен, Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Кот-д’Ивуар, Сирия, Палестина мен Солтүстік Корея.

Бүгінде елдер тек мұнай, әскери немесе экономикалық салалармен ғана емес, сондай-ақ өздеріне деген сенімділік деңгейімен де бәсекелесетінін көрсетіп отыр.

Сондай-ақ WPP, BAV және Пенсильвания университетінің Уортон мектебінің сарапшылары дайындаған жыл сайынғы «Best Countries 2026» рейтингінде Қазақстан 75-орынға ие болды. Бұл ауқымды зерттеу халықаралық қауымдастықтың әр мемлекетке деген көзқарасын көрсетеді. Сауалнамаға 33 елден 15 мыңнан астам адам қатысқан, ал зерттеудің өзі әлемдік экономиканың 93 па­йызын құрайтын 85 елді қамтыды.

Баяндамада еліміз Орталық Азияның экономикалық көш­басшысы ретінде қарастырылған. Сарапшылар еліміздің айтарлық­тай энергетикалық ресурстар­ға ие екенін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік дәліздерінде негізгі көпір қыз­метін атқаратынын атап өтеді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның сыртқы саясаты Қытай, Ресей, Батыс мемлекеттері мен аймақтық серіктестер арасын­дағы мүдделердің тепе-теңдігіне негізделген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью