Сепаратистер шағын елді мекенді атқылап, жазықсыз 80 нен астам адамды мерт қылды

01.02.2026

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында сепаратистік топтардың ұйымдастырған бірқатар қарулы шабуылы салдарынан 80-нен астам адам көз жұмды. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қақтығыстар нәтижесінде қауіпсіздік күштерінің кемінде 10 қызметкері мен 11 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Қалған шығын – шабуыл кезінде жойылған қарулы содырлар.

Полиция бөлімшелері, әскери нысандар, азаматтық әкімшілік ғимараттар мен қамау орындарын нысанаға алған онға жуық шабуылдың жауапкершілігін "Белуджистан азат ету армиясы" (BLA) деп аталатын сепаратистік ұйым өз мойнына алды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, ұйым таратқан мәлімдемеде шабуылдар барысында атыс қаруы мен жанкештілік әдістер қолданылғаны айтылған. Сонымен қатар жарияланған бейнематериалдарда операцияларға бірнеше әйелдің де қатысқаны байқалады.

Жергілікті билік дерегінше, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыстар кезінде 67 содырдың көзі жойылған. Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың барлығы белудж этносының өкілдері екені нақтыланды.

Айта кетейік, бұл оқиғалар Пәкістан армиясының Белуджистан аумағында жүргізген екі бөлек операциясы барысында 41 содырдың жойылғаны туралы ақпараттан кейін орын алған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью