Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Сербия президенті Александр Вучич Еуропа үлкен соғыстың табалдырығында тұр деп санайды.
Вучич Украинадағы қақтығыс жақын арада реттелмейді деген пікір білдірді.
"Менің ойымша, біз бұдан да үлкен соғыстың табалдырығында тұрмыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бейбітшілік орнату үшін біреу әрекет жасап үлгерсе екен деп үміттенген едім", — деді Вучич Германияның Axel Springer медиаконцернінің басқарма төрағасы Матиас Депфнердің подкастында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия тараптар келіссөз үстеліне қайта отыруға дайын екенін растаған жағдайда, Украина мәселесі бойынша Ыстанбұлда келіссөздің жаңа раундын қысқа мерзімде ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбы қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу үшін Ыстанбұл келісімдері формуласына қайта оралуға болатыны туралы пікір білдірді.