Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.