24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Сербияның Нови-Пазар қаласында жүздеген студент ереуілге шықты. Оған үкіметтің жоғарғы оқу орындарына қысымы себеп болды.
Наразылық бір жыл бұрын теміржол вокзалында болған қайғылы оқиғамен байланысты туындаған. Ол кезде вокзал шатыры опырылып, 16 адам қаза тапқан еді. Содан бері ел бойынша толқулар тоқтамай тұр. Университет басшылығы кейінгі шеруге қатысқан 200 студентті оқудан шығарып жіберген. Ал оларды қолдаған ондаған оқытушы қызметінен босатылған. Бұл шешім наразылықтың одан әрі күшеюіне себеп болды.