Сербияда шеру жалғасып жатыр

04.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сербия халқы Белградта президент Александр Вучичтің саясатына қарсы шеруге шықты.

Жүздеген тұрғын бас көтерген наразылықтың тұтануына Нови-Сад қаласының теміржолында болған қайғылы оқиға себеп. Бір жыл бұрын демалып отырған адамдардың үстіне бетон шатыр құлап, 16 адам қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін елде жаппай наразылық басталып, халық президент Александр Вучичтің отставкасы мен билеуші партияны таратуды талап етіп келеді. Шерушілер қайғылы оқиғаға елде жемқорлықтың таралуына жол берген билік кінәлі деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью