Серік Ақылбай мемлекеттің жария құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды

05.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спикер мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды. Дәл осы әрекетсіздік құқықтардың ең жиі бұзылуларына әкеледі. Бұл – өтініштерді қарау мерзімдерінің созылуы, міндетті шешімдердің қабылданбауы, сот актілерін орындаудан жалтару, қызметтік міндеттерге формалды көзқарас таныту. Соның салдарынан адам құқықтық белгісіздік жағдайында қалады, яғни оның құқықтары танылғанымен, іс жүзінде іске асырылмайды.

«Әрекетсіздік кезінде де, заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда да билік өкілеттіктерін жүзеге асырудың заңда белгіленген тәртібі бұзылады және жеке тұлғаның мүдделеріне нұқсан келеді. Осындай сын-қатерді ескере отырып, мемлекет азаматты заңсыз әрекеттер мен шешімдер қаупінен барынша қорғау үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін тұрақты жаңартып, іс жүргізу заңнамасының тиімділігін арттырып отырады», деп атап өтті Серік Ақылбай.

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

2021 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылданып, қолданысқа енуі де көп жайттан хабар береді. Кодекс мемлекеттік аппараттың құқықтық санасына түбегейлі өзгеріс енгізіп, «азамат бәрін өзі дәлелдеуге тиіс» деген түсініктен «егер азаматта мемлекеттік органдар шешімдерінің заңдылығына күмән туындаса, керісінше, соның заңдылығын дәлелдеу – мемлекеттік органның міндеті» қағидатына көшуге мәжбүр етті.

«Қылмыстық қудалау, әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, жер және салық салаларындағы жағдайлар ерекше сезімтал, өйткені бұл салаларда билік тарапынан жіберілген қателер немесе өкілеттіктерді теріс пайдалану елеулі әрі ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын конституциялық деңгейде бекіту мәселесін көтеру маңызды. Бұл азаматтық-құқықтық жауаптылықтың дәстүрлі институтын толықтырады, жеке адам мен жария билік арасындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді құралы болады», деді комиссия мүшесі.

Мұндай жағдайда зиянды өтеу өтемдік, превентивтік және құқықтық-тәрбиелік сынды бірнеше функцияны атқарады. Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, зиянды өтеудің нақты реттелген әрі конституциялық кепілдендірілген тетігі болмаса, азаматтар дәлелдеу қиындықтарына, мемлекеттік органдардың формалды көзқарасына және сот процестерінің созылуына тап болады.

Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген

Бұл құқықтарды қорғаудың тиімділігін төмендетіп, жария биліктің жауаптылығы қағидатының өзіне нұқсан келтіреді. Сондықтан көптеген құқықтық жүйелерде мұндай құқық конституциялық деңгейде бекітіледі. Қазақстанда бұл бағыт азаматтық заңнама, әкімшілік сот ісін жүргізу және сот практикасы арқылы дамып келеді.

«Конституциялық сот бұзылған құқықтарды қорғаудың шынайылығы мен тиімділігінің маңызын дәйекті түрде көрсетіп келеді. Зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту заң шығарушы үшін де, соттар үшін де маңызды бағдар болар еді. Ал қоғам тұрғысынан бұл мемлекетке сенімді күшейтіп, оны тек басқарушы орган ғана емес, өз шешімдерінің салдары үшін жауап беретін институт ретінде қабылдауға мүмкіндік береді», деді Серік Ақылбай.

Сонымен бірге, Серік Ақылбай азаматтардан түскен орынды ұсыныстар назардан тыс қалмағанын, бұл қоғам мен мемлекеттің ашық әрі сындарлы диалогының айқын көрінісі екенін жеткізді.

«Сондықтан мен жобаны бүкілхалықтық референдумға шығару жөнінде бұдан бұрын айтылған ұсынысты қолдаймын», деді Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы.

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38

Жетісу облысының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 17:22

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

Қоғам • Бүгін, 17:19

Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген

Ата заң • Бүгін, 17:13

Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Ата заң • Бүгін, 17:05

Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?

Аймақтар • Бүгін, 16:58

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес

Жастар • Бүгін, 16:48

Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Президент • Бүгін, 16:38

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады

Оқиға • Бүгін, 16:29

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді

Ата заң • Бүгін, 16:15

Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 15:54

Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін

Әлем • Бүгін, 15:44

Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған

Оқиға • Бүгін, 15:33

Өлмек пе, қалмақ па? Шерхан Мұртаза & Колбин

Өнер • Бүгін, 15:25

Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды

Білім • Бүгін, 15:11

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью