Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Серік Егізбаев бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.
«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныс ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», деді ол.
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Оның сөзінше, құжаттың негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр.
Мұнымен қоса, спикер «Ауыл» партиясының тарапынан республика өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін жеткізді.
«Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып, елдің пікірі толық ескерілді», деді «Ауыл» партиясының төрағасы.
Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерді құр заңнамалық түзетулер ретінде емес, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне нақты ықпал ететін өмірлік маңызы бар қадамдар деп қабылдап жатыр. Кездесулер барысында азаматтар бұл бастаманың тағдырын халықтың өзі айқындауы қажет деген ортақ ұстаным білдіріп, құжатты жалпыхалықтық шешім арқылы бекітудің маңызы ерекше екенін атап өткен.
«Осы орайда кездесулерде барлық азамат бір ауыздан бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жеткенін жиі айтты. Сондықтан, Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын. Отандастырымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын», деді Серік Егізбаев.
Аида Балаева: Конституциялық реформалар қоғамды жан-жақты жаңғыртудың берік негізін қалыптастырады
Соңғы жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды
Экономика • Бүгін, 14:51
«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі
Оқиға • Бүгін, 14:23
Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті
Үкімет • Бүгін, 14:10
Биыл Ораза 19 ақпанда басталады
Қоғам • Бүгін, 13:06
Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы қымбаттай ма?
Банк • Бүгін, 12:55
Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Азия чемпионатында Қазақстан велошабандозы алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 12:23
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Жетісу облысында биыл үш бірдей жаңа экопарк құрылады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 11:45
Тау-кен металлургия кешені Конституцияны жаңартуды қолдайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Заңсыз казино ұйымдастырушылардан 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:27
Канада мектебінде болған атыстан 9 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:17
Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқитын болды
Білім • Бүгін, 11:01
900 орын және STEAM-зертхана: Рудный қаласында жаңа қазақ мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52