Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметші ретінде әдеп нормаларын қатаң сақтайтынын және қандай да бір арандатушылыққа ермейтінін айтады.
– Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты жауап берейін деп шештім. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған шаршы алаңнан тыс жерлерде күш қолдануға болмайтынын үйреткен. Әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі, – деді Серік Сәпиев.
Олимпиада чемпионы өз сөзінде күш қолдану спорт аренасымен шектелуі тиіс екенін, ал мемлекеттік қызметте сабыр мен жауапкершілік бірінші орында тұратынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Сәпиев пен оның орынбасарына қатысты түрлі болжам тараған болатын. Ресми түсініктемеден кейін аталған жағдай аяқталған іс ретінде қарастырылып отыр.