Серік Сәпиев орынбасарынан таяқ жегені рас па?

23.01.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановтан таяқ жеп қалды. Дәурен Есімханов – белгілі спортшы: самбо және жауынгерлік самбодан Азия әрі әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games-тің күміс жүлдегері, сондай-ақ джиу-джитсудан әлем чемпионы, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні Қарағандыдағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен екеуі ерегесіп, сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға айналған. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алды. Қазір ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны ұрып-соғу фактісі бойынша шағым түсірді. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі адам арасында кикілжің туындағаны белгілі болды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда", – деп хабарлады өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Дегенмен оның жазасына айыппұл ғана емес, қоғамдық жұмысқа салынады не болмаса 25 күнге дейін қамауға алынады.

Айта кетейік, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев қазір Қарағанды облысы  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ал Дәурен Есімханов оның орынбасары. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью