Серік Сәпиев пен Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында қызметке келді

24.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Вэл Баркер Кубогінің иегері.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында қызмет атқарады.

Сондай-ақ Қанат Ислам бокстан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі болды.

1984 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы әуесқой бокста Қытай құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасы, әлем чемпионаты және Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды.

2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы болған ол «Астана арландары» кәсіпқой клубы сапында ойын көрсетті. Кәсіпқой бокста 30 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.
Қанат Ислам бұдан былай отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижені жақсартуға үлес қоспақ.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатына дайындығын бастады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью