Сеул Цюрих рейсінің шұғыл қону себебі белгілі болды

06.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан аспанында апаттық сигнал беріп, Алматыға бағытталған SWISS әуе компаниясы ұшағының шұғыл қону себебі белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Nau-ға сілтеме жасап.

Қазақстан аспанында апаттық сигнал беріп, Алматыға бағытталған SWISS әуе компаниясы ұшағының шұғыл қону себебі белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Nau-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, SWISS әуекомпаниясының Airbus A350 ұшағы Қазақстан аумағының үстінен ұшып бара жатқанда апаттық сигнал берді.

Әуе компаниясының мәліметінше, жоспардан тыс қонуға екінші ұшқыштың денсаулығының нашарлауы себеп болған.

"Алматыға қону екінші ұшқыштың шұғыл медициналық жағдайына байланысты болды", - деп хабарлады SWISS.

Оған жолаушылар арасында болған дәрігерлер көмек көрсетті.

"Бортта ұшқышқа көмектесе алған үш дәрігер болды. Экипаж ұшқыштың тезірек медициналық көмек алуы үшін олардың ұсынысы бойынша бағытты өзгертіп, Алматыға бет алуды жөн көрді", - деп толықтырды компания өкілдері.

Басылым мәліметінше, бортта 227 жолаушы және экипаждың 14 мүшесі болған.

Сондай-ақ SWISS компаниясы жоспарларының өзгеруіне байланысты жолаушылардан кешірім сұрады. Компания қазіргі уақытта жолаушыларға көмек көрсетіп, ұшқыштың жағдайын бақылап отырғанын айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью