Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Операмен үндес махаббат» атты әсерлі музыкалық кеш өтті. Өнер ордасы сол күні классикалық әуенге шөлдеген көрерменге айрықша рухани тарту жасады.
Кеш шымылдығы әлемдік опера жауһарларымен түрілді. Джузеппе Верди, Антонин Дворжак, Петр Чайковский, Сыдық Мұхамеджанов операларынан орындалған ариялар мен дуэттер зал ішін тамаша көңіл күйге бөлеп, тыңдарманын бірде толқытса, бірде тебірентті. Махаббат тақырыбын арқау еткен шығармалар кештің мазмұндық өзегіне айналып, әрбір әуен жүрек қылын шертті.
Батысеуропалық, қазақ, орыс вокалдық классикасынан шырқалған романстар мен миниатюралар кештің бояуын қанықтыра түсті. Әр туынды сахнада шағын драмалық көрініске айналып, көрерменді опера әлемінің тылсым кеңістігіне жетеледі.
Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – пианист Долорес Умбеталиева мен тенор Медет Шотабаев қатысты. Сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, баритон Расул Жармағамбетов пен республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Ұлпан Әубәкірова өз өнерлерін ортаға салды. Орындаушылардың сахнадағы шынайы эмоциясы мен вокалдық шеберлігі кештің көркемдік деңгейін айрықша биікке көтерді.
Концерттің басты ерекшелігі – сахна мен зал арасындағы үйлесім болды. Көрермендер сахна төрінен орын алып, орындаушылармен бір кеңістікте тыныстады. Мұндай формат әрбір дыбыс пен демді жақыннан сезінуге мүмкіндік беріп, өнер мен көрермен арасындағы байланысты бұрынғыдан да бекемдей түсті.
«Операмен үндес махаббат» кеші тыңдарманын сұлулық пен сезімнің әлеміне жетелеп, классикалық музыканың мәңгілік құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл кеште сахнада әуен ғана емес, адам жанының ең нәзік иірімдері сөйлегендей әсер қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
Тұлға • Бүгін, 08:20
Сұхбат • Бүгін, 08:15
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Басылым • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Қоғам • Бүгін, 00:28
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қаржы • Бүгін, 00:13
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05