Сезімді сақтай білу үлкен өнер : Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

01.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әні жарыққа шыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі жаңа туындысын жолдасына арнағанын айтты. Сонымен қатар жұбайлар арасындағы сезімді сақтаудың сырын бөлісті.

«Сезімімді міне, 30 жылға жуық мөлдір күйінде сақтап келе жатқан ақ жігітімді шоколад қылып алдарыңызға алып шықтым. Жаңа әніме жылы лебіз білдіріп, жақсы пікір қалдырған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз! Иә, сезімді сақтай білу де, аялай білу де – үлкен өнер. Бірақ ол ешқашан бір адамның ғана еңбегімен болмайды. Екі жүрек бірдей ықылас танытып, бір-бірін түсініп, құрметтеп, бағалай білгенде ғана сезім уақыттың сынынан сүрінбей өтеді. Баршаңыздың жүректеріңіздегі мөлдір сезім ешқашан солмасын!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебізін білдіріп, жұлдызды жұпқа бақыт тіледі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью