Шаған ауылының шаттығы

09.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Абай облысындағы Шаған кентінің тұрғындары жаңа жылды жаңа су құбы­рымен қарсы алып, шат­тыққа кенелді.

Шаған кенті облыс орталығынан 75 ша­қырым қашық­тықта орналасқан. Бүгінде елді мекенде 569 адам тұрады. Ондағы су құбыры желілерінің құрылыс жобасы 2024 жылы басталып, өткен жылдың соңында толық аяқталды. Жоба аясында 1, 2 көтергіш сорғы стансалары, КТПН қондырғысы, су тазарту жүйесі, таза суға арналған резервуарлар салынды. Бұған қоса, жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайтын су құбыры желілері тартылды. Соның нәтижесінде, кент тұрғындары сапалы әрі таза ауызсумен толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жаңа су құбырының елді мекеннің өрт қауіпсіздігін арттыруға да мүмкіндігі зор.

Бұған дейін елді мекенде орталықтандырылған су құбыры мүлде болмаған екен. Ауыл тұр­ғындары суды ұңғымалар мен колонкалар арқылы тасып келген. Жаңа нысанның іске қосу салтанатына қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін беретінін айтты.

«Мемлекет басшысының халықты сапалы ауызсумен қам­тамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі бүгін сіздердің ауылдарыңызда іске қосылды. Жолдың бойында орналасқан Шаған ауылының болашағы зор. Курчатов қаласы да жақын. Бұл шаһарға қазір ерекше мән беріліп, ғылым орталығы бо­лайы­н деп жатыр. Шаған ауы­лы кеше ғана «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жарияланған «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанып, облысымыздың үздік 20 ауылының қатарына енді. Ауылға қажет жаңа тракторға ие болды. Бұл – үлкен жетістік, ауыл халқының береке-бірлігінің айғағы. Ауылдарыңыз өсіп, өркен­дей берсін», деді өңір басшысы.

Ауыл тұрғындары су құбы­рының пайдалануға берілгеніне ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, өткен жылы Жаңасемей ауданының Алғабас, Приречное ауылдарына да ауызсу берілді.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью