Шағым көбейді: республикалық психиатриялық аурухана тексеріледі

29.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Пациенттердің жағдайына қатысты шағымдардың жиі түсуіне байланысты республикалық психиатриялық ауруханаға тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ауруханадағы пациенттердің ем алуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шағым көбейген. Осыған байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мекеме қызметіне кешенді тексеру жүргізуді бастайды.

"Мамандар медициналық құжаттарды, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің болу жағдайларын тексереді. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне және ем алып жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуына баға беріледі", – дейді министрлік.

Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, министрлік заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдап, кінәлі мамандар жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, бұл аурухана – Қазақстандағы осы бағыттағы жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме. Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттер ем қабылдайды.

Мекеме қарапайым стационар емес. Ол екі маңызды міндетті қатар атқарады: біріншісі – ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсету, екіншісі – қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар.

Ауруханада ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью