Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан экономикасында шағын және орта бизнестің (ШОБ) салмағы артып отыр. Mastercard пен KPMG жүргізген зерттеуге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі ЖІӨ-нің шамамен 40%-ына жеткен, ал секторда 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 50%-дан астамы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
29 сәуірде ұсынылған «Қазақстандағы ШОБ: қиындықтар мен мүмкіндіктер» атты зерттеу ел экономикасындағы осы сектордың рөлін, негізгі түйткілдері мен даму бағыттарын айқындап берді. Құжат «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында таныстырылды.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, соңғы бес жылда ШОБ субъектілерінің саны 1,6 есеге өскен. Бұл өсім негізінен жеке кәсіпкерлер санының артуымен байланысты. Алайда орта бизнес сегментінің дамуы баяу – бұл шағын кәсіпорындардың келесі деңгейге өтуінде кедергілер бар екенін көрсетеді.
Еңбек өнімділігі тұрғысынан да айырмашылық айқын. Шағын бизнестегі өнімділік орта және ірі кәсіпорындарға салыстырғанда екі есе төмен. Мәселен, 2025 жылы бір қызметкердің өнімділігі шағын бизнесте 7,4 млн теңгені құраса, орта бизнесте 15,9 млн теңгеге жеткен.
Сарапшылар ШОБ дамуын тежейтін бірқатар жүйелі факторларды атап өтеді. Олардың ішінде қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулілігі, қарыз қаражатының жоғары құны, салық және реттеуші ортаның тұрақсыздығы, сондай-ақ кадр тапшылығы мен макроэкономикалық құбылмалылық бар.
Экспорттық әлеует те толық ашылмай отыр. Бұған логистика құнының жоғары болуы мен сертификаттау рәсімдерінің күрделілігі әсер етіп отыр. Жалпы, зерттеу нәтижесі бойынша, ШОБ қажеттіліктерінің шамамен 80%-ы әлі де қанағаттандырылмаған.
Шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау неге нәтиже бермей отыр?
Сонымен қатар, сектор дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі – цифрландыру. Қазірдің өзінде компаниялардың 75%-ы электрондық цифрлық қолтаңба мен онлайн-банкингті пайдаланады, ал жартысынан астамы цифрлық маркетинг пен онлайн-бухгалтерияға көшкен. Компаниялардың шамамен 50%-ы маркетплейстер арқылы жұмыс істейді.
Дегенмен, бұл бағытта да қиындықтар аз емес. Кәсіпкерлердің 94%-ы цифрлық шешімдердің қымбат екенін айтса, 83%-ы IT мамандардың жетіспеушілігін, тағы 83%-ы қосымша шығындардан қауіптенетінін жеткізген. Осыған байланысты цифрлық даму деңгейі өңірлер арасында әркелкі қалып отыр.
Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым негізінен қалыптасқан. Бизнесті тіркеу, салық есептілігін тапсыру секілді негізгі қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Алайда кәсіпкерлер цифрлық сервистерді «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіру қажеттігін алға тартады.
Алдағы кезеңде сұранысқа ие бағыттар қатарында аналитика және консалтинг, цифрлық маркетинг, оқыту мен құзыреттерді дамыту бар. Қазіргі таңда бұл қызметтердің едәуір бөлігі шетелдік жеткізушілерден алынып отыр.
Жаһандық үрдістер – ендірілген банкинг, баламалы скоринг модельдері мен платформалық экожүйелер – Қазақстан үшін де өзекті бола бастады. Осы жағдайда қаржы институттары мен технологиялық компаниялардың рөлі күшейіп келеді.
Mastercard компаниясы бизнесті қолдау бағытында төлемдерді қабылдау, шығындарды басқару және серіктестік бағдарламалар арқылы қосымша мүмкіндіктер ұсынып отыр. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған Business-Aru бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Санжар Жамаловтың айтуынша, ШОБ – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды элемент, ал оның дамуы заманауи технологиялар мен қажетті құзыреттерге қолжетімділікке тәуелді.
Ал KPMG өкілі Болат Мынбаев сектор дамыған сайын оны тежейтін жүйелік шектеулер айқынырақ көрінетінін, әсіресе қаржыландыру, ауқымды кеңейту және нарыққа бейімделу мәселелері өзекті екенін атап өтті.
ҰКП «Атамекен» Президиумы төрағасы Қанат Шарлапаев та саланың стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Оның сөзінше, ШОБ үлесінің 40%-ға жетуі – маңызды көрсеткіш, ендігі міндет – кәсіпкерлерге қолайлы, кедергісіз орта қалыптастыру.
Жалпы, сарапшылар Қазақстандағы ШОБ-ты дамыту үшін мемлекет, қаржы институттары және ірі бизнес бірлесіп әрекет етуі қажет деген қорытындыға келеді. Негізгі басымдықтар – еңбек өнімділігін арттыру, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және цифрлық құзыреттерді дамыту.
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Заң • Бүгін, 17:50
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
«Байрағы биік байтағым»: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді
Оқиға • Бүгін, 16:45
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады
Заң • Бүгін, 15:07