Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген

12.05.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді. Сондай-ақ адами капиталды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу-ағарту министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2026-2029 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Аталған жоспар мектептердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуды, оқушылардың нақты қажеттілігіне бейімделген оқыту тетіктерін енгізуді, педагог кадрларды даярлау мен  білім алушылардың дербес деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді көздейді.

Жарлықта шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мектептерді   заманауи техникалық құралдармен және сапалы цифрлық білім беру ресурсымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бастапқы кезеңде пилоттық жоба аясында тиімді шешімдерді кезең-кезеңімен енгізе отырып, еліміздегі 2600-ден астам шағын жинақты мектептің шамамен 500-ін қамту жоспарланды.

Бұған қоса педагогтердің біліктілігін арттыру мен цифрлық құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл ретте жасанды интеллект технологияларын  қолдану педагогті алмастыруды көздемейді, керісінше педагогтің кәсіби рөлін күшейтуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмысты кеңейтуге бағытталған қосымша құрал ретінде қарастырылады.

Жайық Шарабасов,

Оқу-ағарту вице-министрі

Соңғы жаңалықтар

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген

Президент • Бүгін, 21:10

Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім

Президент • Бүгін, 21:05

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Форум • Бүгін, 20:50

Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 20:20

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты

Елорда • Бүгін, 20:04

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

Оқиға • Бүгін, 19:45

Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады

Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19

Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды

Президент • Бүгін, 19:06

Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 18:56

Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды

Спорт • Бүгін, 18:20

Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті

Қоғам • Бүгін, 18:15

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент • Бүгін, 18:05

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 18:02

Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды

Заң • Бүгін, 17:47

Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады

Шаруашылық • Бүгін, 17:46

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью