Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

19.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық хоккейшілер жарыс барысында бес кездесу өткізді. Алғашқы ойында Латвия құрамасына буллиттер сериясында 2:3 есебімен жол берді. Одан кейін Нидерландыға 0:3 есебімен есе жіберді. Үшінші матчта отандастарымыз Испанияны 3:2 есебімен жеңіп, маңызды ұпай еншіледі. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяны тартысты ойында 4:3 есебімен ұтты. Соңғы турда Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Нидерланды иеленсе, екінші орын Ұлыбритания құрамасына бұйырды. Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Төртінші орынға Оңтүстік Корея жайғасса, Латвия бесінші, ал Испания алтыншы орыннан көрінді.

Осыған дейін Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы екінші ойынын Польшаға қарсы өткізетіні туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью