Шәкен Айманов қайтқан күні күйеу баласы Асанәлі Әшімов жерленді: Арасы тура 55 жыл

23.12.2025

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында ел білмейтін ерекше жайтты жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Шәкен Айманов қайтқан күні Асанәлі Әшімов жерленді. Асанәлі Әшімов пен Шәкен Аймановтың арасында туыстық қатынастың болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Асанәлі ағамыз – Шәкен Аймановқа күйеуі бала. Бүгін – Шәкен Аймановтың қайтыс болған күні. Бүгін Асанәлі Әшімовтің жамбасы жерге тиген күн. Не деген сәйкестік? Қазақтың өнеріндегі, тарихындағы, киносындағы ешқашан өлмейтін тұлғалар желтоқсанның ызғарында көрерменін ызғарлы мұңға батырып кете барғаны... Асанәлі Әшімов атасынан кейін тура 55 жыл өмір сүрген екен. Өмірінің соңына дейін қасқайып сахнада тұрды. Абыз еді! Ортамыздағы аңыз еді", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью